Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайназаров Болатхан Әзімханұлы өмірден озды

0 210

Жамбыл облысының дәрігерлер қауымы ауыр қазаға душар болды. 2023 жылдың 24 қыркүйек күні 62-ге қараған шағында облысқа танымал ардақты азамат, денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер-хирург Қайназаров Болатхан Әзімханұлы дүниеден озды.
Болатхан Қайназаров 1962 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.
Ол 1985 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, қызмет жолын Жамбыл қаласындағы қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында дәрігер-интерн болып бастап, дәрігер-хирург, хирургия ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеген.
1996-1997 жылдары облыстық онкология диспансерінде, 1997 жылы облыстық кеңес беру диагностика орталығында бас дәрігер қызметтерін атқарған.
1997- 2010 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасында, 2011-2012 жылы Тараз қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында бас дәрігер болып абыроймен қызмет атқарды.
2013 жылдан бастап жеке медициналық қызметте басшылық қызметте болған.
Ел игілігі үшін атқарған адал еңбегі лайықты бағаланып, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, бірнеше мемлекеттік грамоталармен марапатталған, жоғарғы санатты дәрігер-хирург дәрежесіне ие болған.
Бүкіл ғұмырын халық денсаулығына арнаған, өте қарапайым, көпшіл, қағылез, сабдар мінезімен, білгір де білікті маман ретінде көптің құрметіне бөленді.
Адам баласына жақсылық тілеп, ізгілік жолынан айнымаған абзал да аяулы азамат халықтың денсаулық сақтау қызметінде майталман дәрігер ретінде жас буынға үлгі болып қала бермек.
Оның қажырлы, ерен еңбегі, ерекше адамгершілік қасиеттері, жарқын бейнесі әріптестерінің жадында әрдайым сақталады.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.