Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ағын су мәселесі туралы ауқымды бастама көтерді

0 1  129

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын мұқият тыңдадым. Құнды құжатта көтерілген еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалатындығы  туралы айтқаны көңіліме қонды.

Президенттің атап өтуінше, Су ресурстары және ирригация министрлігінің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады.

«Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек. Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ. Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын», -деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай – ақ Президент еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқанын әрі су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек екенін еске салды.

Су мәселесін шешуде  бізге дәл осы құнды құжаттың қажеттігі сөзсіз. Сондықтан Жолдауда айтылған алдағы өзгерістер мен тапсырмаларды толық қолдаймын.

 

Таймас САҒЫНТАЕВ,

Ардагер

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.