Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гүлзат Көбенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитетінің төрағасы болды

0 295

Ғылым және жоғары білім министрінің (ҚР ҒЖБМ) бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2002-2009 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді атқарды.

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.

2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.