Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол сапасы бақылауда

0 265

Бүгінде Тараз қаласында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қаланың барлық аумағында қайнаған қызу тірлік. Десе де, төселіп жатқан жолдың сапасы әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін естен шығармаған абзал.

Иә, жол сапалы салынбаса, азабын тұрғындар тартады. Сол себепті қазірден жолдың сапасы бақылауда болуы қажет.
Бұл тұрғыда Тараз қаласы әкімдігі мен «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы бірлесе жұмыс істеуде.
Құрылыс-монтаж жұмыстарынан кейін аталған мекеме мамандары жол бөлігінен керн алынып, жол негіздемесі және асфальт жабындысына сараптама жүргізеді.
Сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда ғана тиісті нысан пайдалануға қабылданады.
Ал кемшіліктер анықталған жағдайда жауапты мердігер компаниямен кемшіліктер жойылады немесе тиісті шаралар қабылданады.
Сондықтан қалада салынып жатқан жол сапасы тұрақты әрі қатаң бақылауда.

Мұратхан ӘЛІМХАН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.