Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дінтанушы ғалымдар Тараз төрінде бас қосты

0 251

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында Қарахан мемлекті тұсындағы қазақ жерінен шыққан белігі тұлғалар және олардың еңбектерін насихаттау мақсатында «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Беташары Құранмен ашылған конференцияда Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен және отандық зерттеуші ғалымдар баяндама жасады. ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қыдыр Төрәлі конференцияға модератор болды. Шара қонақтары Орта Азия даласына Ислам дінінің келуі, қазақ халқының діни ұстанымы мен Қарахан мемлекті тұсындағы қазақ жерінен шыққан белігі тұлғалар және олардың еңбектері жайлы тілге тиек етті.

Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет Өзінің құттықтау сөзін арнады.

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған қала, аудан бас имамы, мешіт қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері, «Әжелер алқасы», «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің студенттері, ЖОО оқытушылары қатысты.

Конференцияда Стамбул қаласындағы Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы «Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы» Зерттеу және жариялау бөлімінің басшысы, (ИРСИКА) тарих ғылымдарының докторы, профессор Женгиз Томар құттықтау сөзін айтса, Өзбекстан ғылым академиясы ұлттық археологиялық орталығының директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Гайбулла Бабаяров «Қарахан дәуіріндегі Тараз: жазба және нумизматикалық қайнар көздері мен эпиграфиялық материалдар негізінде» тақырыбында зерттеулерімен бөлісті. Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы «Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы» (IRCICA) аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Муминов «XII-XIII ғасырларда Тараз ислам өркениеті орталығы ретінде» тақырыбында баяндамасын оқыды. Ал Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Шәмшедин Керім  «Қарахан дәуіріндегі әдеби жәдігерліктердің ислами сипаты» тақырыбында, Ош мемлекеттік университетінің Арашан гуманитарлық институтының аға оқытушысы, PhD доктор Жарқынбай Себетов «Қарахан дәуіріндегі ғалымдардың Ханафи мазхабының дамуына қосқан үлесі» тақырыбында сөз сөйледі.

ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қыдыр Төрәлі «Қарахан дәуіріндегі ислами әдебиет: таным мен пайым» тақырыбында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Сараптама бөлімінің меңгерушісі, дінтану PhD докторы Нұрлан Қайырбеков «Орталық Азиядағы мұсылман құқығы тарихында ХІ–ХІІІ ғасырлар аралығындағы Мұхаммад ибн Ахмад ал-Исбиджабидің орны мен Қарахан мемлекетінің жүргізген діни саясатын айқындау» тақырыбында ғылыми-зерттеу ақпаратын тілге тиек етті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің т.ғ.к., профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесін зерттеу орталығының директоры Сейдахан Бақторазов «Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі Қарахан мемлекетіне қатысты тарихи-этнографиялық деректер» тақырыбында баяндама жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА6

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.