Қалалық қоғамдық-саяси газет

Республикалық VI жазғы спартакиаданың ашылу рәсімі Таразда өтеді

0 812

Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасы еліміздегі ең маңызды бұқаралық спорттық іс-шара болып табылады, бұл 1956-1991 жылдары өткізілген КСРО-дағы негізгі бұқаралық спорттық жарыс болып табылатын КСРО халықтары Спартакиадасының прототипі.
Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасы 2003 жылдан бастап және әр 4 жыл сайын Жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында өткізіліп келеді. Ойындарға еліміздің барлық өңірінен 27 спорт түрі бойынша 10 000-нан аса спортшы бақ сынайды.

Қазақстан спортының басты додасы саналған спартакиаданы өткізудегі мақсат республика өңірлерінде спортшыларды даярлау жөніндегі спорт ұйымдарының жұмысын қорытындылау, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларын жасақтау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды, халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялық (іріктеу) жарыстарға қатысу үшін кандидаттарды анықтау.

Ханчжоуда өтетін 19-шы жазғы Азия ойындарының және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ұйымдастырылып отырған 6-шы жазғы Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2023 жылдың 30 мамырында Тараз қаласында өткізіледі.
Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, таеквондо, үстел теннисі, тректегі велосипед спорты, семсерлесу, спорттық гимнастика, батут гимнастикасы, бокс (әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, волейбол (ерлер,әйелдер), дзюдо (ерлер, әйелдер), су добы (ерлер, әйелдер), қол добы (ерлер, әйелдер), садақ ату, байдарка мен каноэде есу, жүзу, велосипед спорты (тас жол), жеңіл атлетика, ауыр атлетика, оқпен ату, теннис, триатлон, стенд ату, бокс (ерлер) сынды түрлерінен жүлделер сарапқа салынбақ.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған спартакиада бағдарламасына енетін 27 спорт түрінің 3 спорт түрі Тараз қаласында өтеді. Олар: су добы (ерлер, әйелдер), волейбол (ерлер, әйелдер) және дзюдо (ерлер, әйелдер).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.