Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік тілдің мәртебесі артуда

0 361

Бүгінде елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге айрықша көңіл бөлінуде. Сондай ауқымды жұмыстар Тараз қаласында да атқарылуда.

Айталық, Тараз қаласы әкімдігіне қарасты 14 бөлімнің құжат айналымындағы қазақ тілінің жағдайы үнемі бақылауда. Бөлім ай сайын және тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 100 пайызды құрап отыр. Осы кезеңде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында – 5, қазақ тілінің латын негізді әліпбиіне көшу мақсатында – 6, ономастика саласы бойынша 9 іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» челленджі жүзеге асырылуда. Аталған челленджге 57 адам қатысып, видеолары әлеуметтік желіге жариялануда. Челлендж соңында ең көп лүпіл жинаған қатысушы марапатталады. Сондай-ақ «Менімен қазақша сөйлес!» атты акциясы жарияланып, қала бойынша сауда орталықтары, шағын және орта бизнес субъектілеріне, банктер мен халыққа қызмет көрсету мекемелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілуде.
Қазақстан дамуында өзге елдердің де назарын аудартып отырған маңызды реформалардың бірі, рухани кеңістікте үлкен өзгеріс күттіріп отырған мәселе – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары. Әліпбидің жаңа нұсқасы мақұлданған, бірақ бекітілген жоқ.
Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен латын графикасындағы әліпбидің жетілдірілген жобасымен таныстыру, түсіндіру форматында жүргізіледі.
Жаңа қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын халық арасында жан-жақты түсіндіру, жаңа әліпбиге бейімдеу, насихаттау, диарктикалық таңбалармен таныстыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында қала тұрғындары арасында «Латын әліпбиі – болашақтың кілті», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты акциясы өткізілуде.
Жаңа әліпби нақты бекітілген соң тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп дағдыландыру, оқыту жұмыстары қолға алынады.
Республика көлемінде әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары ҚР Үкіметінің №138 қаулысының талаптарына сәйкес және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» 555, «Тарихи жер-су атаулары» 380 және «Дәстүрлі атаулар» 298 тізімін басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
2022 жылы жүргізілген жұмысты жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне тарихи тұлғалар, жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау бойынша 77 көшенің ұсынысы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ономастика комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытындыға ие болған.
2022 жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулы және шешімі шығып, Әділет министрлігінен тіркеуден өтті.
Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 36, бұрылыс-тар – 8, тұйық – 1, өтпе жол – 1, қайталанатын атаулар – 2, атауы жоқ жаңа көшелер – 29.
2022 жылдың 14 шілдесінде көше тұрғындарынан түскен өтініштерге сәйкес 10 көше оң қорытындыға ие болды.
Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 1, бұрылыс-тар – 2, қайталанатын атаулар – 2, бұрылыстар – 3, атауы жоқ жаңа көшелер – 1, жаңа алқап – 1.
Жаңадан атау берілген көшелерге және тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарға сәйкес, үлгіге сәйкес аншлагтар әзірленіп ілінетін болады. Жалпы қала бойынша геонимдер саны – 1 442. Оның ішінде қазақша тарихи тұлғалар саны – 575, жер-су атаулары – 185, дәстүрлі атаулар – 278, орысша кісі есімі – 209, мағынасы ескірген орысша атаулар – 195. Жалпы көшеге атау беру барысында бірінші кезекте мағынасы ескірген орысша атаулар бойынша қайта атау жұмыстары жүргізілетін болады. Екінші кезекте елімізге қатысы жоқ, Кеңес Одағы уақытында қойылған орысша кісі есімдерімен аталған көшелер бойынша зерделеу жүргізіліп, атау беру жұмыстары жүргізіледі.
Республика бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау мәселесі бекітілген тізімге сәйкес жүргізілетіндіктен, қала тұрғындарынан үнемі жазбаша хат ретінде және әлеуметтік желі арқылы облыс, қала көлемінде танымал тұлғалардың есімдерін көшеге беру туралы ұсыныстар түсуде. Аталған ұсыныстарды жинақтап «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасына жолданған. Аталған ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясында қаралып, іріктеліп, республикалық ономастика комиссиясына жолданды.
2023 жылдың І тоқсанында «Қала келбеті-2023» зерделеу жұмысы, «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты айлық өткізіліп, жеке кәсіпкерлер, қала тұрғындарына әдістемелік көмектер көрсетіліп, заң талаптары жазылған парақшалар таратылды. Айлық барысында 2 665-ке жуық нысан зерделеніп, қателіктер анықталған нысан иелеріне ауызша ескертіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Кейбір нысан иелері анықталған кемшілікті деп кезінде қалпына келтірген. Сонымен қатар, «Корзинка», «Фиркан» супермаркеттер желісінің баға көрсеткіштері тілдерді дамыту бөлімі тарапынан мемлекеттік тілге аударылып, сөзбе-сөз аударылған тауар атаулары ретке келтірілуде.
Біздің тарапымыздан жеке бизнес өкілдерімен үнемі етене жұмыс істеу барысында шағын және орта бизнес өкілдеріне, жарнама агенттіктеріне сыртқы көрнекі ақпараттың (жарнама) сауатты жазылуына, орналасуына тағы басқа да мәселелер бойынша тегін консультациялық көмек көрсету үшін «Call-center» құрылып, жауапты маман бекітілген. 2023 жылдың 4 айы бойынша 143 жеке кәсіпкерге жарнама мәтіндерін мемлекеттік тілде дұрыс жазылуын тексеріп және аударма жасап бердік.
Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі әдеби нормалардың бұзылуын жою жөніндегі шаралар ретінде ақпарат мәтіндерін әзірлеушілерге әдістемелік және консультациялық көмек жыл сайын артып, күшейтілуде.
Қазіргі таңда қала көшелеріндегі нысандарда орналасқан жарнамалардың мәтіндеріндегі қателіктерді алдын алу мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесіп жеке кәсіпкерлер жарнаманы орналастыруға рұқсат алуда мәтіндерін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісуде. Жыл басынан бері жүргізілген айлық, зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірқатары түзетілді.

Бақыт Тоқсанбаева,
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.