Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер қатынастары қалай реттелуде?

0 965

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабына және 2015 жылдың 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. №255 бұйрығына сәйкес, жаңадан бөлінетін жер учаскелеріне құрылыс басталмас бұрын бөлінетін массивтер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен (электр жүйесі, су құбыры) қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалпы тізбедегі тәртіпті сақтай отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері дайын болған кезде беріледі.Бүгінгі күнге Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (ЕГКН) жүйесінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 114 138 азамат тіркелген. Соның ішінде 2005 жылы 1 185 азамат, ал 2006 жылы 11 509 азамат тіркелген.
2022 жылдың наурыз айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арнайы кезек Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (ЕГКН) жүйесінде енгізілген.Айта кету керек, аталған жүйеде 2005-2009 жылдар аралығында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтері толық емес.Осыған байланысты 2023 жылдың ақпан айынан бастап жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Халықты хабардар ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Айталық, «Jambyl-Taraz» және «AQ JOL» газеттерінің беттеріне тұрғындар назарына хабарландырулар берілді. Сондай-ақ Тараз қаласының ресми сайтының бастапқы бетінде мемлекеттік және ресми тілдерде жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрған азаматтардың назарына жер кезегін көру үшін Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (ЕГКН) жүйесіне кіру сілтемесі орналастырылған.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін кезекте тұрған азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша 2 305 азамат келіп, оның ішінде 1 451 азаматтың мәліметтері өзектендіріліп, жүйеге енгізілген.

Темірхан Айменов,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.