Қалалық қоғамдық-саяси газет

Техниканы байқаудан өткізу – жауапты міндет

0 863

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №153 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу» қағидаларына сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ биылғы жылы жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс техникаларын жылдық техникалық байқаудан өткізеді.
Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйін бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тіркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және жай-күйіне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Машиналарды техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Жеке тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініші;
1.1. Машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
2. Заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініші;
2.1. Машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
2.2. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер.
Инженер-инспектор машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде: машиналардың кімге тиесілі екенін нақтылайды, машина, шасси, қозғалтқыш, рамасының, типінің, моделінің, шығарылған жылының, зауыттық нөмірінің жэне нөмірлік белгісінің тіркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестігін тексереді, машиналардың техникалық жай-күйін арнайы диагностикалық құралдармен тексереді, машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді. Тіркемелердің техникалық жай-күйі тракторлық поездың құрамында тексеріледі (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғаттағыштың ақаусыздығын бақылау үшін). Техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін машиналар техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.
Шығарылғанына бес жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы бес жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақаулы» деген жазу жазылады, ол инженер-инспектордың қолымен және тіркеу пунктінің мөртаңбасымен расталады.
Сонымен қатар «Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».
Анықтама үшін келесі мекенжайға немесе телефонға хабарласуға болады: Төле би даңғылы, 57 «Б», анықтама телефоны: 54-88-82.

Жанболат Таңатаров,
Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.