Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сұлу сөздің сәулесі

0 793

«Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағының иегері, көрнекті ақын, журналист, аудармашы Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған «Сұлу сөздің сәулесі» әдеби буриме-жыр кеші өтті.
Шараға елімізге белгілі «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Байзақ, Жуалы және Талас аудандарының Құрметті азаматы Батырбек Құлекеев, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, жазушысы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын, сазгер Үміт Битенова, журналист Бахытжан Мақашев, ақындар – Жұлдыз Бейсек және Нұржан Қадірәлі қатысты.
Күләш Ахметова – өз халқының жүрегінің төрінен әлдеқашан орын алған ақын. Күләш Ахметова қазақ жырына ешкімге ұқсамайтын өзінің ерекше өрнек-кестесімен келіп, бірден биіктен көрінген ақын.
Кеште ерекше ақын, ана, азамат Күләш Ділдәқызының тұнықтығымен, ойлылығымен, сыршылдығымен, табиғилығымен, тектілігімен баурайтын поэзиясы туралы айтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.