Жамбыл облысы орталығындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында спорттық самбодан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы қатысып, өз-ара кім мықтыны анықтады.
Тартысқа толы палуандар бәсекесінде Жамбыл облысы спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер спортшылар алдағы маусым айында өтетін Азия чемпионаты, сондай-ақ Бішкектегі әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.