Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерман Қанжанұлы – ердің жасы елуде!

0 465
Журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, Шонатанушы, Шерхантанушы Ерман Қанжанұлы Әбдиев 50 жасқа толды.
Айтулы мерекеге орай Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков мерейтой иесін арнайы қабылдап, ел ағасы атанған атпал азаматттың иығына шапан жауып, ізгі тілегін жеткізді.
Аудан басшысы елеулі еңбегін, тәжірибесін, өнегелі жолын атап өтіп, нағыз еңбек адамы екенін жеткізіп, ақпараттандыру саласындағы көп жылғы жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.
Ерман Әбдиев Жамбыл облысы, Талас ауданының тумасы.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, білім саласында әр түрлі жемісті еңбек еткен. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, республикалық «Айқын» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжатттама басқармасына қарасты Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында аға ғылыми қызметкер сынды қызметтер атқарған. Бүгінгі күні «Aq jol» газетінде әдеби қызметкер. Бүгінгі таңда «Қазақстан теміржолшысы» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.
«Шоқ тілді Шона», «Танымал әннің тарихы», «Нарша деген…», «Серік деген…», «Әзімбек деген…» кітаптары жарық көрді. Бұдан бөлек композитор Мэлс Өзбековтың «Мэлстің музасы», Нарша Қашағанұлының «Бітпейтін кітап», Қаратай Адамбаевтың «Жылдар, ойлар», Шерхан Мұртазаның «Сені, ауылды сағынам» кітаптарының авторы. Жалпы бас-аяғы 25 кітаптың құрастырушысы.
Журналист-публицист Ерман Әбдиевтің «Шерхан-Шердан қалған сөз» бен «Жамбылда Шәмшінің ізі қалған» жинақтары қалың оқырманға жол тартуы жоспарлануда.

 

Талас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.