Құрметті тараздықтар!
Қоршаған ортаны аялап, күтіп- ұстау – әрбір азаматтың парызы.
Күні кеше шаһарымыздың аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөнінде көктемгі екі айлық науқаны бастау алды. Баянды бастамаға барлығымыз жұдырықша жұмылып үн қосқанымыз абзал. Одан бөлек, сенбілік бұқараны бірлікпен қатар, ұқыптылыққа шақырады. Үлкендердің іс-әрекеті кейінгі буынға үлгі болатындығы белгілі. Егер біз, аға буын жастарды дұрыс дүниеге шақырып, қоршаған ортаны аялап ұстап, тазалықты сақтауға үндемесек, онда бұл қариялығымызға үлкен сын. Сондықтан барша қала тұрғындарын сенбіліктен шет қалмай, аулалары мен арық-атыздарды қоқыстан тазартып, жастарға үлгі көрсетуге шақырамыз.
Қадірлі жерлестер!
Бәрімізге өзгеретін уақыт жетті. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғатты аялай білейік! Үйдегі ұл-қыздарымыз бен немерелерімізге ізгі істеріміз арқылы үлгі болайық. Үлгі-өнегені құр ауызша айтып қана қоймай, нақты іс-әрекетіміз арқылы дәріптейік. Ол үшін көзіміз көрген жерде немқұрайлық таныт-пай, азаматтық көзқарасымызды көрсетейік.
Тараз – қашанда жасыл желігімен сүйсіндіріп келе жатқан әсем қала. Жасампаз шаһарымыз бүгін-де «Жасыл қала» санатында. Сон-дықтан да біздер, ардагерлер бар-лық тараздықты шаһарымыздың көріктеніп-көгеріштенуіне атсалысуға шақырамыз!
Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері