Қалалық қоғамдық-саяси газет

№1 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы

0 450

ӨМІРБАЯН

Мен, Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы, 1966 жылы 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келдім.
2 жоғарғы білімім бар: 1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша және 2021 жылы Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған Бизнес және басқару бакалавры.
Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Талас аудандық емханасының меңгерушісі болып бастадым.
1996 жылдан 1997 жылға дейін Алматы облысының Іле орталық аудандық ауруханасында қан құю бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқардым.
1998 жылдан 1999 жылға дейін Алматы облысының Іле орталық аудандық ауруханасында бас терапевт болып жұмыс істедім.
1999 жылдан 2000 жылға дейін Жамбыл облысы, Тараз қаласы жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімшесінде терапевт дәрігері болып жұмыс істедім.
2000 жылдан 2001 жылдың тамызына дейін Жуалы аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еттім.
2001 жылдан 2002 жылға дейін Меркі ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып жұмыс істедім.
2002 жылдан 2012 жылға дейін Жамбыл облысы, Меркі аудандық ауруханасында бас дәрігер болып жұмыс істедім.
2012 жылдан 2017 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқардым.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істедім.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласының «№7 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері болып жұмыс істеймін.
2004 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Үйленгенмін, үш ұлым бар.

КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Менің басты мақсатым – «ИГІЛІК БАРШАҒА» «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру.

Сабақтастық, Әділеттілік, Өрлеу.

№ 1 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жәрдем көрсету.
Егер сіз маған сенім білдіріп, біздің қаланың мәслихатында өз өкіліңізді сайласаңыз, онда мен өзіме нақты міндеттер қойып, оларды шешуге тырысамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
Әлеуметтік сала:
• білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешуге ұмтыламын;
• медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға қол жеткізу;
• біздің сайлау округінің тұрғындарына «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы» шеңберінде кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды уақытылы іске асыруға жәрдемдесу;
• мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысу, осы саланы қосымша қаржыландыру мәселелерін шешу;
• әлеуметтік жағдайды жақсартуды қамтамасыз ету және соғыс және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету;
• білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының жас мамандары үшін тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде шаралар қабылдау;

Коммуналдық сала:
• көшелерді, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру мәселелеріне жәрдемдесемін;
• коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды шешу үшін белсенді қатысамын;
Құқықтық қорғау саласы:
• Сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
• Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылау жүргізу.
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту саласы:
• Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруға қатысу;
• Қолданыстағы заңнама шеңберінде өз сайлау округі кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғаймын.
Білім беру саласы:
• Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындауға жәрдемдесу.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Бұл менің жаңа жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана.
Бізде «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясы бар.
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамалары»
– «адамға бағытталған» модель құру;
– Еліміздің басты құндылығы – адам.
Мен жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын.
Сіздің үйіңізге бейбітшілік, жақсылық, бақыт және амандық, туған Қазақстанға және қаламызға тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!

Құрметті сайлаушы!

2023 жылғы 19 наурызда сіздің сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын.

Құрметпен, Марат Сейтбекұлы Жұманқұлов.

 

Тапсырыс беруші: №1 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Жұманқұлов М.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.