Қалалық қоғамдық-саяси газет

Іргесі берік ел болайық!

0 510

№5 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат

Койлыбаева Эльмира Сериковна

Құрметті сайлаушылар!

Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңаруына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Осы жолда түрлі қиындықтарды еңсеріп, көптеген маңызды міндеттерді бірге атқаруымызға жол ашылды. Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым. Сіздермен нақты нәтижеге бағытталған бастамалар арқылы қаламызды дамытып, тұрғындардың әл- ауқатын, тұрмыс сапасын жақсарту туралы ойыммен бөліскім келеді.
Мен, Қойлыбаева Эльмира Серікқызы, 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматшасымын, ұлтым – қазақ.
1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдадым. Мамандығым – тарих пәнінің мұғалімі, біліктілік дәрежем – педагог-шебер.
Еңбек жолымды 1992 жылы Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2006-2008 жылдары аталған оқу ордасы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2008-2010 жылдары Тараз қаласындағы №25 орта мектептің директоры, 2010-2022 жылдары Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқардым.
2022 жылдан бастап Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарудамын.
Отбасылымын, бір ұл, бір қызым бар.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өзімнің білімім мен тәжірибеме сүйене отырып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және қаламыздың өркендеуіне ықпал ететін боламын.
Қаламыз жылдан-жылға дамып келеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсарған. Алайда шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер де жеткілікті.
Аумақтағы өзекті мәселелерді талдау және тұрғындармен сұхбаттасу барысында:
– көшелерді күрделі, орташа жөндеуден өткізу, жаяу жүргіншілер жолын салуды жандандыру;
– жатақханаларға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
– қоғамдық көліктердің бағыттарын оңтайландыру, олардың санын арттыру, жаңарту;
– орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған көшелерді қосу;
– балаларға арналған ойын алаңшаларының жеткіліксіздігі;
– арық жүйелерін қалпына келтіру, оның ішінде лотоктар орнату, тозығы жеткен қолданыстағы және топырақ, қоқысқа толған арықтарды реконструкция- лау, жерасты құбырларын ауыстыру;
– білім мекемелерінің ескірген материалдық-техникалық базаларын күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелерге қанық болдым. Осыған байланысты жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған төмендегі сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:
– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына атсалысу;
– халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төленуіне қоғамдық бақылау жасау;
– сайлау округінде орналасқан жөндеуді қажет ететін білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– сайлау округінде орналасқан білім мекемелерінде цифрлық сауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында робототехника, химия, биология, физика пәндеріне арналған заманауи кабинеттердің ашылуына;
– балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тегін секциялар мен үйірмелердің сапалы жұмыс жүргізуіне;
– балаларға арналған ойын және спорт алаңшаларының соғылуына;
– жыл сайын кемінде бір көшеге орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– көшелерге қоқыс қалдықтарын жинайтын жәшіктердің орнатылуына және санитарлық талаптардың сақталуына;
– жеке тұрғын үй секторларындағы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыруға, арық жүйелерін қалпына келтіруге;
– жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына ықпал етемін.

Қадірменді сайлаушылар!

Кемел келешегіміз, тамыры терең тарихи қаламыз- дың көркеюі біздің қолымызда. Сіздерді балаларымыздың баянды болашағы және әр азаматтың жайлы өмір сүруі үшін сайлауға қатысып, білімі мен біліктілігін, іскерлігін тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсайтын лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын. Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін! Біз жалпы мәселелерді күшімізді біріктіру арқылы шеше аламыз!

Іргесі берік ел болайық!

Тапсырыс беруші: №5 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат КОЙЛЫБАЕВА Э.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.