Қалалық қоғамдық-саяси газет

№15 аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ертаева Жанат Әкебайқызы

0 489

Қадірменді жерлестер!

1. «Халық пен билік»:
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына көңіл бөле отырып, билік пен халық арасындағы қатынасты жақындату, ашық диалогтар қалыптастыру, сапасы төмен жолдарды жөндеуге ықпал ету, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлер бойынша туындаған мәселелерді шешу, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, соғыс ардагерлері мен көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген құрметті күшейте отырып, оларға мейлінше қолдау жасау.
2. «Сапалы білім – саналы ұрпақ жолында»:
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту, білім беру саласындағы жобаларды кеңінен насихаттау және пайдалану. Сондай-ақ бала тәрбиесі үшін ата-аналармен байланысты барынша жетілдіре түсу. Қажеттіліктеріне қарай, мектептер мен балабақшаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу. Балабақшалар салу. Арнайы клубтардың заманауи техникамен жабдықталуы, үйірмелердің санын көбейту. Балалардың сауықтыру лагерьлерін салу. Олардың шығармашылығы мен зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа және ірі объектілерді салу. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып, балалардың қатысуына мүмкіндік жасау. Жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін барлық жағдайларды туғызу.
Ұстаз мәртебесінің қашанда жоғары екенін бағалау және олардың біліктілігін арттыра отырып, тәжірибе жинау бағытында курстар мен семинарларға қатысуларын қадағалау. Ұстаз бен оқушы, ұстаз бен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсіп, арнайы жобалар жасау. Орта кәсіптік-техникалық мамандықтар бойынша тегін оқыту мен қамту және ваканттық жұмыс орындарының санын көбейту.
3. «Ұлтымыздың ұлы игілігі – денсаулық»:
«Басты байлық – денсаулық» деген қағида тегін айтылмаса керек. Бұл басты мақсаты – денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету. Тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы денсау- лық сақтау қызметіндегі медициналық көмектің сапасын арттыру. Халықтың денсаулығын нығайтуға басымдық беру мен түрлі аурулардың алдын алуға көмек көрсетуге және үздік халықаралық тәжірибелерден өткен білікті дәрігер мамандарды тарту. Ашық түрдегі ауруханалардың жұмыстарын жетілдіре түсіп, медициналық орталықтардың санын арттыру.
4. «Мәдениет – руханияттың негізі»:
Халықтың бірлігі және қоғамдық келісім – бұл біздің тұрақты дамуымыздың кепілі. Тарихыңды білмей, болашақты болжаудың мүмкін еместігі тағы бар. Шығармашылық шыңының басты бағыты осы болса мәдениет, клуб, кітапхана, кинотеатр тарихи-мәдени ескерткіштердің халықтың игілігі үшін жұмыс жасауы маңызды. Сондай-ақ кішкентайынан руханияттың ұғымын түсініп терең білім алып, мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беру. Мәдени нысандарды заманауи үлгілерге сай көптеп ашу, күрделі жөндеуден өткізу. Өңірді дамытудың міндеттері мен маңызды да өзекті мәселелерін шешу үшін белсенді азаматтарды тарту.
5. «Жарқын болашақтың кепілі – жалынды жастар»:
Жастар үшін басты мәселе – жұмыссыздық. Әсіресе орта және кәсіптік оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды нығайту. Сонымен қатар тұрғын үймен қамтылуына ықпал ету. Жас отбасыларға арналған бағдарламалар желісін құру. Кез келген жастың өз елінің шын мәніндегі патриоты екендігін түсіндіріп, волонтерлық қызмет көрсету үшін қаланың тазалық жұмыстарына жұмылдыру және осы бағытты одан әрі дамыту. Бұқаралық спортты насихаттаумен қатар спорттық алаңшалар мен түрлі жаттығу залдарын салуды жалғастыру.
Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, білікті мамандарды даярлау сияқты әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді нығайтуда ықпал жасау. Жастар кәсіпкерлігі ықпалын күшейту және мүмкіндіктерін кеңейту, оның әлеуетін пайдалану қажеттігін арттыру.

Құрметті сайлаушылар!

Ашық қоғамның қорғаушы күші ретінде, жаңа Қазақстанның жарқын болашағы жолында осы додаға қатысып отырмын. Құндылығымыз – тыныштық, байлығымыз – тәуелсіздік, қазына- мыз – білім, мақсатымыз – айқын. Барлығына бірдей берілген мүмкіндіктерді тудыру үшін сіздердің берген сенімдеріңіз бен берген дауыстарыңыз – мен үшін үлкен жауапкершілік. Әлеуметтік әділеттік – болашаққа бастайтын айқын да анық жол! Сөзден іске көшетін кез келіп жетті. Атқарылған істер аз емес. Десек те, сол жарқын жолды халқымыздың игілігі үшін бірге жалғастырайық! Қайталап, айтар болсам…
…. Қазір ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бұрынғы бабаларымыз тегін айтпаса керек.
Олай болса, іске сәт, жерлестерім!

Тапсырыс беруші: №15 аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ертаева Ж.Ә.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.