Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енді шекарашы-сарбаздар өздерінің туған жерлерінде ғана әскери борышын өтейді

0 483

Жамбыл облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына әскерге шақырылушыларды іріктеу принципіне бір ғана, бірақ аса маңызды өзгеріс енгізілген.Осы жылдан бастап Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет атқару  үшін іріктеуден өткен және жарамды болып танылған әскерге шақырылушылар өздерінің үйлерінен алыс емес жерде, өз облыстарының аумағында Отан алдындағы борышын өтейді.

Қазіргі таңда мемлекетімізде мерзімді әскери қызметке шақыртудың аумақтан тыс принципі ары қарай жалғастырылуда. Яғни әскерге шақырылушылар өздерініңоблыстарынан тыс мемлекетіміздің басқа өңірлеріне қызмет атқаруға кетеді. Алайда, болашақ шекарашыларға бұл принцип енді қолданылмайды. Жамбыл облысынан шақырылған жастар үйден бір қадам дерлік жерден қызмет атқаратын болады.

Әскерге шақырылушылар қатарындағы іріктеуден өткен жас сарбаздар ең алдымен Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының базасында орналасқан техникалық және кәсіби даярлау бөліміне оқуға жіберіледі.

Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы – бұл заманауи ғимараттары, құрылыстары менказармалары бар, тамақтану мен медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жоғары денгейі бар үлкен әскери қалашық. Оқу орталығының оқытушылары мен нұсқаушыларының құрамын тәжірибелі офицерлер мен кәсіби дайындықтары жоғары келісімшарт бойыншаәскери қызметшілер құрайды.

Үш айлық оқу курсынан кейін, ары қарай әскери қызметін жалғастыру үшін сарбаздар Жамбыл облысында орналасқан шекара бөлімшелеріне бөлінеді. Шекарадағы қызмет ерекше, күрделі және әскери қызметшілерден үлкен жауапкершілікті, моральдық және физикалық күштерді қажет етеді, ал үйге жақын жерде қызмет ету мүмкіндігі сарбаздарға жан тыныштығы мен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Әрі сарбаздардың ата-аналары ұлына жиі келіп, оны көріп тұр алатын болады.

Айта кеткен жөн, қазіргі өзгеріс жаңалық емес, ескі қалып кеткен принципті жаңғырту болып табылады. 2009 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне іріктеу дәл осылай жүргізілген еді. Шекарашы-сарбаздар өздерінің туған жерлерінде қызмет атқарған.

Өздеріңіз білетіндей, әскерге шақыру әрқашан да Шекара қызметіне іріктеуден басталады. Жыл сайын бір шақыру науқанына Жамбыл облысынан 300-ге жуық жас жеткіншектер Шекара қызметінің қатарына қабылданады. Туған жерінде, өз үйінің жанында қызмет өтегісі келетін жігіттердің саны көбейеді және көптеген ер азаматтарымыз таңдалғандардың қатарына кіруге тырысатын болады деп ойлаймыз. Алайда, шекарашылардың қатарын іріктеу бұрынғыдай мұқият жүргізілетін болады, атап айтқанда: өмірбаяндық деректер, физикалық және моральды-психологиялық жағдайы, сондай-ақ жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге дйындығы егжей-тегжейлі зерделенеді.

Сонымен қатар, мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін сарбаздарда келісімшарт бойынша әскери қызметке қалу мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы 200 000 теңгені құрайды, ай сайын тұрғын үйді жалға алу өтемақысы төленеді. Жыл сайынғы демалысқа шыққан кезде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай қаражат және  медициналық тұрғыда тегін қамтамасыз етіледі және 47 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығу көзделген.

Сондай-ақ, қызмет өткеру барасында сарбаздардың ҚР ҰҚК Шекара академиясына және шет елдердегі басқа да жоғарғы әскери оқу орнына түсу мүмкіндігі бар.Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметті өткерген және өзін жақсы жағынан көрсеткен азаматтар Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Осындай жеңілдіктер қызықтыратын болса, Тараз қаласы Абай көшесі 144 а мекенжайына 4-ші кабинетке келсеңіз болады немесе   7(7262)455320 телефон нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар.

Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.