Жылыту мезгілі кезінде тұрмыстық өрт тұрғын үйлерде және пәтерлерде ауқымданады. Жылу жүйесі мен құрылғыларының пайдалану, электр жүйесіне шамадан тыс ауыртпашылық түсу кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы және қарапайым немқұрайлылық тілсіз жаудың негізгі себептердің бірі болып табылады. Көбінесе жөндеуден өтпеген ескі үйлердің пештері мен электр жүйесінің жануы байқалады. Тап осындай жағдайларды болдырмау үшін өрт деген тілсіз жаудың алдын алуға болады. Ол үшін алдын ала қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтаған жөн.
Пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде:
– тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;
– төсек-орында шылым шегуге;
– плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға;
– газ өткізгіштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, газдың ағуын байқау үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді;
– балкондар және лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
– тұрғын үй пәтерлері мен жатақхана бөлмелерінде жарылыс, өрт қаупі заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлі шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшін жалға беруге жол берілмейді.
Егер Сіз жеке сектор немесе саяжай тұрғыны болсаңыз, жылу мезгілінің алдында жылыту және түтіндіктердің дұрыс болуына аса көңіл бөліп, оларды жөндеуден өткізу, күйеден тазалау, тесіктерді бітеу және түтіндікті әктеу жұмыстарын атқару қажет.
Өрт немесе түтін болған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарлап, тура мекенжайды сілтеу қажет. Өртке қарсы қызметкерлер келгенге дейін адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, қоласты құралдарымен (су, құм, өрт сөндіргіш) өртті сөндіру шараларын ұйымдастыру керек. Отты қатты матамен немесе жамылғылармен ұрмай, жауып қалған дұрыс.
Электр сымдарының жануы кезінде алдымен түгелдей электр жүйесін өшіру қажет.
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы