Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек еленген күн

0 501

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен өткен жиында бірқатар азамат түрлі марапатқа ие болды.

Әуелі шаһар басшысы сөз алып ізгі лебізін білдірді.

– Өздеріңізге мәлім, биылғы Барыс жылы әлемде және елімізде тосын өзгерістерге толы болды. Осыған қарамастан қол жеткізген табыстарымыз жетерлік. Сүйікті қаламыз – Таразымызда да ілкімді істер жүзеге асып, жарқын жобалар жалғасын тапты. Әсіресе, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында оң істер атқарылды. Тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, баспана бақытына кенелгендердің қарасы қалың. Көне шаһарымыз Дүниежүзілік қолөнершілер қаласының қатарына еніп, туризм орталығына айналып келеді. Бұдан да өзге табыстарымыз баршылық. Әрине, бұл жетістіктерге сіздердің қосқан үлестеріңіз орасан. Халқымызда «Еңбегіне қарай құрметі» деген даналық сөз бар. Әділетті һәм жаңа Қазақстанда еңбек адамдары әрдайым алдыңғы қатарда тұруы тиіс. Себебі, олар елімізді өркендетіп, алға жетелеуде. Сондықтан мұндай жандар барша құрметке лайық деп ойлаймын, – деді Бақытжан Әмірбекұлы. Сонымен қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісі және дипломына ие болса, «Жаңа Кемер Құрылыс» ЖШС-нің кеңесшісі Амалбек Тшанов, көрнекті ақын Айша Көпжасарова, «ТаразКожОбувь» ЖШС бас директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сұлушаш Құрманбекова, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Нұрлан Балғабаев Тараз қаласының құрметті азаматы атанды. Бұған қоса отаншылдық ұстанымы мен қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін біршама азаматтар Тараз қаласы әкімінің Құрмет Грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.