Қалалық қоғамдық-саяси газет

4 күнде 3 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді

0 272

Ағымдағы жылдың 26-29 қарашасы аралығында Жамбыл облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ізін суытпай 34 қылмыс оқиғасы және бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды.
Сонымен қатар 3 033 әкім-шілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде 216 ұсақ бұзақылық дерегі, 273-і спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуы, 674 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер бөлімдерінде профилактикалық есепте тұрған 2 000-нан астам адам тексерумен қамтылды.
4 тәулік ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік тізгіндеген 8 дерегі тіркелді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.