Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вирустық инфекцияларды диагностикалау және емдеу

0 1  518

ЖРВИ, тұмау және пневмония бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуын ескере отырып, ана мен бала өлімін азайту және алдын алу, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында еліміздің денсаулық сақтау саласы бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында жоғары медициналық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, акушер-гинекологтар, инфекционистер, пульмонологтар және анестезиолог-реаниматологтардан жасақталған спикерлер тобы құрылды.
Жуырда көпсалалы қалалық аурухананың базасында магистр, акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті Ляйля Көшенова, медицина ғылымдарының кандидаты, «Жұқпалы және тропикалық аурулар» кафедрасының профессоры Сәуле Садықова, «Анестезиология және реанимация» кафедрасының ассистенті Владимир Зрячев, медицина ғылымдарының докторы, «Пульмонология» кафедрасының доценті Лейла Идрисова МСАК және стационар мамандарына арнап «Жүкті әйелдер мен балалардағы жіті респираторлық ви- рустық инфекцияларды диагнос- тикалау және емдеу» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Диагностика мен емдеу тактикасы бойынша өткен басқосуға жалпы тәжірибе дәрігерлері, интернологтар, акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, неонатологтар, педиатр- лар және мамандандырылған мамандар қатысты.
Шара барысында мамандар өзара пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.