Қалалық қоғамдық-саяси газет

Медицина мамандарының мәртебесі артады

0 1  315

«AMANAT» партиясы «Жамбыл облыстық ауруханасы» бастауыш ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға партия облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхаммед Жұмабек қатысты. Басқосуда ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ сайлауалды тұғырнамада дәрігерлік кәсіптің мәртебесі мен беделі арта түсетіндігіне баса көңіл бөлінгенін тілге тиек етіп, дәрігер мамандығының беделі заңнамалық тұрғыда бекітілетінін жеткізді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қорғау мен қолдаудың тиімді тетіктері енгізілетінін де атап өтті.
– Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды тұғырнамасында медицина саласына да үлкен көңіл бөлінген. Мәселен, дәрігер мамандығының мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту, заманауи перзентхана орталықтарының желісін құру, ауылдық жерлерде жаңа жабдықпен жарақталған 700 жаңа медициналық нысан ашу, Балалар онкологиясы мен гематологиясы ұлттық орталығын ашу, цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің қағазбастылығын азайту сынды мәселелер көрініс тауып отыр, – деді Ермұхаммед Нұрмұхаммедұлы.
Келесі кезекте «Жамбыл облыстық ауруханасы» бастауыш ұйымының төрағасы Қайрат Жетібаев медицина саласының негізгі міндеті – өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту екеніне тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен кәсіби білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтілетінін сөз етті. Сондай-ақ ол өзі басқаратын ауруханада сала мамандары үшін бар жағдай жасалғанын атап өтті.
Мұнан соң басқосуда «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясына аталған бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды. Айта кетерлігі, партияның «Ұлан», «Тараз коммуналдық көлік», «Сенім» және «№2 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» сынды 44 бастауыш партия ұйымдарының да жиналыстары ұйымдастырылды.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.