Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүргізуші куәлігін «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мен айырбастау

0 266

Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізуші куәлігін айырбастауға өтінімді оның қолданылу мерзімі өткенге дейін береді. Қазіргі кезде бұл қызмет электронды порталда жоғарыда айтылған аумақтарда қолжетімді.

Алу рәсімі өте оңай. Бұл үшін:
• сілтеме бойынша өту;
• авторизациялану немесе порталда тіркелу;
• электрондық өтінімнің алаңдарын толтыру;
• фотосуретті және қолтаңбаның сканерленген үлгісін қосу;
• төлем карточканың көмегімен онлайн қызметтің ақысын төлеу (жүргізуші куәлігін онлайн қайта алу кезінде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қойып, чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы). Содан кейін табылған чекті таңдау керек;
• өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбаны қою.
Электрондық сұранысты жібергеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Бұл ретте өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжатыңыз, тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігіңіз, 083-у нысанды медициналық анықтамаңыз (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады) болу керек.

Қ.Аманқұлов,
Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.