Қалалық қоғамдық-саяси газет

Электронды қызмет – уақыт үнемінде

0 135

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы адамның дүниеге келгенінен бастап өмір бойы қызмет көрсетеді деп айтсақ артық емес. Себебі тұрмыстағы ең маңызды құжаттар мемлекеттік корпорация қызметіне тікелей байланысты. Оның қатарында туу туралы куәлік, жеке куәлік (төлқұжат), босану жәрдемақысы, зейнеткерлік төлемдер, мүлікке құқық беретін және жеке кәсіп ашу секілді маңызды қызметтер бар.

Бүгінгі таңда жаңа үрдіс – электронды қызмет. Электронды қызмет көрсетудің ең тиімді тұсы – уақыт үнемінде болып тұр. Электронды қызметтің қолжетімділігін түсініп, өз уақыттарын тиімді пайдаланатын азаматтар саны күн санап артып келеді. Қазір азаматтар қызмет алу үшін тиісті мекемелерге бармай-ақ, үйінен шықпай қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар.
Сондай-ақ қазір «egov.kz» порталының қызметінен бөлек, «mgov.kz» мобильді қосымшасы мен «Телеграмдағы» EgovKzBot-ты меңгеріп жатқан тұтынушылар саны артуда.
Сонымен қатар аталған қызметтердің оңтайланғаны сол – жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу мерзімдерінің қысқаруы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ң ҚР Әділет министрі 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізілген.
Бұл өзгеріс мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Сонымен қатар жылжымайтын мүлікке құқықтарын жедел түрде тіркеу қызметі қолданысқа енді.
Мемлекеттік тіркеу мерзімі жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылған болса, бір тәулікте орындалады. Төленетін төлем пәтер үшін 3607,63 теңге болса, тұрғын үй жер телімімен 7215,26 теңгені құрап отыр. Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем нысандардың санына қарай анықталады.
Ал нотариус арқылы жасалған шарттар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы ұсынылатын болса, орындалу мерзімі – екі сағат. Төленетін төлем пәтер үшін 4810,18 теңге болса, тұрғын үй жер телімімен 9620,36 теңге болып бекілген. Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем нысандардың санына қарай анықталып, есептелінеді.
Осыған орай электронды үкіметті және жедел тіркеу қызметтерін қолданып, өз уақыттарыңызды үнемдеңіздер.

Ш.Смаилов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ң Жамбыл облысы бойынша филиалының Тіркеу басқармасының бас сарапшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.