Қалалық қоғамдық-саяси газет

Діни сауаттылық қасіреттен қорғайды

0 189

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды облыстық дін істері басқармасы қоғам белсенділерімен, имамдармен және теологтармен бірлесіп жүргізеді. Бұл жолы мамандардың назарына спортшылар мен ұялы телефон сатушылары ілікті.

Жасыратыны жоқ, көптеген спорт секцияларында спортшылар бір отбасы сияқты өмір сүреді. Әр отбасының өзіндік ерекшеліктері, ережелері, тіпті ұстанатын діні бар. Жаттығулар арасындағы үзілістерде балалар бірігіп намаз оқиды, интернеттен алған ақпараттарымен бөліседі. Бірақ бұл ақпарат әрқашан шынайы бола бермейді. Кейде тіпті қауіпті болуы мүмкін. Осы себептерге байланысты жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жоба басталды.
– Облыстың барлық мешіттерінде имамдар, теологтар мен дінтанушылар қауыммен кездесулер өткізіп тұрады. Әсіресе жастарға ерекше назар аударылады. Олар телефонға келіп түскен немесе интернеттен өздері тапқан кез келген ақпаратты өздері баратын мешіттің имамына немесе мектеп теологына көрсеткен жөн. Өйткені араб тілінде жазылғандарды олардың көпшілігі түсінбейді және бір-біріне жібереді. Онда кез келген нәрсе жазылуы мүмкін, – дейді жобаны ұйымдастырушы, «Кимберли» ЖК басшысы Шолпан Алдабергенова.
Мамандар қолданыста болған ұялы телефондарды сатушылармен және телефондарды жөндейтін мамандармен жұмыс істеді. Расында да, бүгінгі күні ұялы телефон көптеген адамдардың ең жақын досына айналғаны шындық. Бұл радикалды діни ағымдардың миссионерлері үшін өте қолайлы.
Мысалы, қолданыста болған телефонды сатып алғанда, онда әртүрлі уағыздар мен діни сипаттағы бейнематериалдар табылуы әбден мүмкін. Бастапқыда жастар оларды қызыққұмарлықпен көріп, содан кейін әртүрлі ағымдарға кіріп кетеді. Мұндай файлдарды телефоннан жөндеуден кейін де табуға болады. Сондықтан бұл туралы имамдарды хабардар ету өте маңызды.
Діни экстремизмге қарсы күресте әрбір азаматтың көмегі қажет. Салдарымен күрескеннен гөрі қасіреттің алдын алу тиімді болады. Осы мәселелер туралы, сондай-ақ шариғатқа негізделген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы имамдар мен теологтар Нұралы Бақытұлы, Алмұханбет Егізбаев, Азамат Әбдіразақов, Асқар Сатылғанов, Жарбол Ақжігіт, Қасымжан Бектаев, Амреев Бақтияр кеңінен әңгімеледі.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.