Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында жыл сайын облыстық байқау ұйымдастырып келеді.
Сондай дастүрі үзілмеген игі шара биылғы Балалар жылында өз жалғасын табуда. Айталық, бүгін облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Көне Тараз» этно мәдени орталығында ең көп оқитын оқырмандар арасында «Совет Әлімқұлов оқулары» облыстық байқауы өтті.
Төрт кезең бойынша өткен сайыста жалпы саны 12 үміткер бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қатарластарынан оқ бойы озып шыққан Меркі ауданы Жауғаш батыр атындағы №15 орта мектептің 6 сынып оқушысы Айгерім Мұратқызы бас жұлдені жеңіп алса, Жуалыдан келген үміткер Камила Мұстафа 2 орын иегері атанды. Ал, Сарысу ауданы М.Әуезов мектеп-гимазиясының 5-сынып оқушысы Бекасыл Балтабек 3 орынды еншіледі. Қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Жұмаш Жолболды