Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауылға ауыз су мен газ кірді

0 147

13 жылдан кейін қайта оралған ұлттық мейрам – Республика күні облысымызда тек мерекелік концерттермен ғана емес, ілкімді істермен де аталып өтті. Мәселен, Жуалы ауданындағы Рысбек батыр ауылына газ беріліп, Қоңыртөбе ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды. Тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Жалғас Мұртаза ортақтасып, қос қуанышпен құттықтады.

Айта кетейік, Жуалы ауданында 49 елді мекен бар, биыл оның бесеуіне газ тартылады деп күтілуде. Оның ішінде Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты, Қаратас, Қошқарата ауылдары бар.
– Билікөл ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге алдағы екі жылдың ішінде газ тарту жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде аймақтағы барлық елді мекен газбен қамтылатын болады, – деген аудан басшысы жұртшылықты көптен күткен қуанышымен құттықтады.
Рысбек батыр ауылында 64 аулада 450-ден аса тұрғын тұрады. Газ тарту жұмыстарын «SAT Construсtion» ЖШС жүргізген. Газ құбырының ұзындығы 4,24 шақырымды құрайды.
Өз кезегінде тұрғындар игілікті іске ризашылығын жеткізді.
Мерекеге орай Қоңыртөбе ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды. Су құбырының ұзындығы – 6 шақырым. Енді ауылдағы 700-ден аса тұрғын таза ауыз суды тұтынатын болады.
Салтанатты шараға қатысқан ауыл ақсақалдары тұрғындардың тұрмысын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар үшін облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.