Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еліміздегі президент сайлауына 6 кандидат қатысатын болды

0 321

Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Саяси науқанға қатысуға ниет білдірген 12 адамның тек жартысы кандидат куәлігін ала алды. Олар:

  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған Жигули Дайрабаев.
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаев.
  • «Аманат» кәсіподақтар достастығы ұсынған Мейрам Қажыкен.
  • «Amanat», «Ақ жол», Қазақстан халық партиялары, сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі» және «Қазақстан спортшылар одағы» ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынған Қарақат Әбден.
  • «Қазақ аналары — дәстүрге жол» атты республикалық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова.

Осылайша бүгін сағат 18:01-ден бастап президент сайлауының үгіт-насихат науқаны басталды. Ол 18 қарашаға дейін жалғасады. Ал 19 қарашада кез келген үгіт шаралары тоқтатылатын «тыныштық күні» болады. Дауыс берудің өзі 20 қарашада, жексенбіде өтеді.

Президент сайлуына алғаш рет 2 әйел қатысып жатқанын да айта кетейік. Оларды қоғамдық бірлестіктерден ұсынды. Сондай-ақ осы сайлауда жеңіске жететін президент қайта сайлана алмайды. Себебі елімізде президенттің басқару мерзімі 7 жылға бір-ақ рет сайлана алады деген заң қабылданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.