Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажетті өнімдер қолжетімді бағада сатылуда

0 1  375

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шаһардың орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Мұнда облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы және тұрақтандыру қорының өнімдері арзан бағамен ұсынылуда.

Жәрмеңкеде жалпы құны 101,2 миллион  теңгені құрайтын 169,1 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға шығарылған. Оның ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық, 7,3 тонна сүт, 7 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік, 4,0 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, 4,0 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 123,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болуда. Осы орайда айта кетерлігі, бағаның тұрақтылығын 30 адамнан құралған еріктілер бақылауда.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.