Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11%-ға өсті

0 425

ҚР-да өндірілген көмірдің үштен бір бөлігі экспортқа кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, тас көмірін өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өскен. Оның 70,6 млн тоннасы тас көмір, 3,1 млн тоннасы лигнит, 2,7 млн тоннасы көмір концентратына тиесілі.

2022 жылы отандық компаниялар 99,6%-ға тас көмірге сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 5,8%-ға, яғни 66,4 миллион тоннаға дейін өсті, ал импорт, керісінше, 18,3%-ға, 285,8 мың тоннаға дейін төмендеді.

Экспорт 16,3%-ға артып, 20,9 миллион тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату тек 1,4%-ға өсіп, 45,7 миллион тоннаны құрады.

2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тас көмір халық үшін бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттаған.

ҚР қалаларында 1 тонна тас көмірдің орташа бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбаты Тараз және Орал қалаларында: онда көмір тоннасына 19,5 мың және 19,3 мың теңге. Сонымен қатар, Жезқазғанда 16,4 мың теңге, Алматыда 16,2 мың теңге және Талдықорғанда 16 мың теңгені құрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.