Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда такси бағасы бір жылда 37,7%-ға дейін қымбаттады

0 306

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір жылда таксимен жүру құны 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстанда такси қызметтерінің құны 1 км есептегенде 0,32 долларды құраған. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша рейтингте 105 елдің арасында 12-ші орында тұр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Ресей мен Әзірбайжанда такси қызметтері қымбатырақ, ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда арзанырақ.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметтерін көрсететін компаниялардың табысы 3 миллиард теңгені құраған.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Жетісу облысында баға басқа өңірлердің бәрінен қатты қымбаттаған. Бір жылда өңірдегі такси бағасы 37,7%-ға өскен.

Антирейтингідегі екінші және үшінші орынды Алматы және Абай облыстары иеленді: сәйкесінше 28,1% және 21,2%.

Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында тіркелді: мұнда бар-жоғы 0,5%-ға өскен. Ал Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1%-ға артық. Жолаушылар айналымы бір жылда 8,7%-ға өсті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.