Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Қазақстан президенттігіне үміткер қанша адамның құжаты кері қайтарылғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іnform.kz-тің дерегінше, ОСК хатшысы Мұхтар Ерман тек бір адамның құжаты ғана кері қайтарылғанын айтты.
«Біз ұсыныс қабылдамаймыз, құжат қабылдаймыз. Құжат тапсырған 12 тұлға бар. Осы тұлғалардың бәрінің аты-жөнін атап шықтым. Ал емтихан тапсырған 5 үміткер бар. Бүгін түстен кейін тағы 2 емтихан бар», – деді ОСК хатшысы.