Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауында дауыс бере алатын орындар аталды

0 299

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Ресейдегі Қазақстан елшілігіндегі № 265 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.

«Учаскенің жұмыс режимі: Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:00 — 20:00. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 «А» (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет», — делінген хабарламада.

Мәскеуден басқа жерлерде, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанның бас консулдықтары жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:
  • Санкт-Петербург — Рылеев көшесі, 10 үй, № 290 сайлау учаскесі;
  • Қазан — Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, № 301 сайлау учаскесі;
  • Астрахан — 1-Аршанская көшесі, 17-үй, № 291 сайлау учаскесі;
  • Омбы — Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй, № 292 сайлау учаскесі.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қазақстандықтар мына сілтемедегі форманы толтыруы керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.