Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорт деген бір сиқыр

0 632

Жуырда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Жаһандық додада 60 келі салмақта ел намысын қорғаған жерлесіміз Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде әзербайжандық Карахам Хусейновтан, екінші айналымда израиль өкілі Матан Кокалаевтан айласын асырғанымен ширек финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйге есе жіберді. Қола жүлде үшін белдесуде жарыс қожайыны Дилшотбек Баратовтан басым түсті.
Әулиеаталықтар Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Елдос Сметовты салтанатты түрде күтіп алды.

Қарсы алу шарасына дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдасбеков, ҚР мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Рысбек, Қыдырбек алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұл, жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев сонымен қатар жаттықтырушылар мен спортшылар сондай-ақ ата-анасы, ағайын туыс бауырлары қатысты.

Тағы бір айта кетерлігі, 73 келіде әулиеаталық Данияр Шамшаев та Ташкент татамиінде ел намысын қорғаған болатын.

Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.