Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мас күйінде көлік басқарғанның ешкім басынан сипамайды

0 153

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарудың 679 дерегін тіркеген. 8 адам мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаса, 32 жүргізуші ішімдік ішіп, көлік басқаруға қайта отырған.

– Жазаны қатаңдату адамдардың мас күйінде көлікті жүргізуін тоқтатпай тұр. Құқық бұзушылар өздерінің жауапсыздығымен басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ кем дегенде 15 тәулікке қамаққа алынады. Азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың барлық жауапкершілігін түсінудің маңыздылығын атап өткім келеді, – дейді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Мананбаев.

– Көлік жүргізушінің бағынбайтын кездері де болады, қудалауға тура келеді, қызметкерлерге қарсылық көрсетеді. Ал мас жүргізушілер медициналық тексеруден өтуден бас тартып қана қоймай, жанжал шығарады.

Мұның соңы 15 тәулікке қамаққа алынып, 8 жыл жүргізуші куәлігінен айырылуға әкеп соғады. Бұдан басқа, мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған және сот шешімімен автокөлікті басқару құқығынан айырылған жүргізушілер 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Егер сіз жол белгісін немесе қоршауды құлатсаңыз да, жауапқа тартыласыз, – деді ведомство өкілдері

Топтаманы дайындаған Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.