Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өскеменде банк қызметкері 11,6 миллион теңгені жымқырған

0 200

Өскеменде банк қызметкері танысына пәтер алып беруге көмектесемін деп, 11,6 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 35 жастағы азамат тұрғын үй сатып аламын деп алаяқтың құрбанына айналған.

Биылғы жылдың мамыр айында үй алуға өтініш беріп, банкте жұмыс істейтін танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Ойлана келе, ер адам келісіп, оған 11,6 миллион теңге берді. Уәде етілген уәжі орындалмағасын, ақшаны қайта талап етпестен, жәбірленуші төрт айдан кейін полицияға жүгінді. Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстады.

Жауап алу кезінде 37 жастағы банк қызметкері өз кінәсін мойындаған. Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабы 3 бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.