Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында алғашқы қар жауды

0 702

Алматы облысындағы Кеген – Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге “ҚазАвтоЖол” компаниясының баспасөз қызметі ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгін, 10 қазанда “Кеген-Нарынқол” республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін “ҚазАвтоЖол” call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.