Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай енді күнді бақылауға ала ма?

0 335

Қытай күн сәулесін зерттеу үшін ғарышта орналасатын Advanced Space-Based Solar Observatory обсерваториясын ұшырды. Бұл туралы Қытай аэроғарыштық ғылым мен технологиялар корпорациясы мәлімдеді. Спутник «Чанчжэн-2 D» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды.

Обсерватория биіктігі 720 км күн синхронды орбитада болады. Жоспар бойынша, аппарат кем дегенде 4 жыл жұмыс істеуі қажет.

Обсерваторияда үш құралмен жабдықталыған – күннің магнит өрісін зерттеуге арналған магнитограф, күн алауындағы жоғары энергиялы сәулеленуді зерттеуге арналған рентген сканері және алау кезінде пайда болатын плазманы талдауға арналған коронаграфтар.

Ғарышта орналастыруға арналған обсерватория Күн жарқырауы, короналды масса шығарындылары және Күннің магнит өрісі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу үшін, сондай-ақ ғарыштағы ауа райын болжауға қажетті деректерді алу үшін пайдаланылады.

Қытай ғалымдарының айтуынша, обсерватория тарихта алғаш рет күн дауылдары ультракүлгін спектрде пайда болатын ортаңғы тәжге қарап, тәждік масса шығарындыларының шығуы туралы жаңа деректер ала алады.

Обсерваторияның құны 126 миллион долларды құрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.