Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. 2008 жылы Қазақстан БҰҰ «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенцияға қосылғаннан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мақсатты жұмыстар атқарыла бастады.
Осыған орай, Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қызмет алушы балаларға «Өмір шуағы» атты концерт ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаның мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жұмаш Жолболды