1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Тараз халвасы» жылына 600 тонна, айына 50 тонна өнім өндіреді.
Өңірдің өнімдерін Қазақстанның кез келген аймағынан табуға болады. Сонымен қатар, Тараздың тәттісі Ресей мен Қырғыз елдеріне де эспортталады.
«Осы өнімді шығаруды бастар алдында ұжымда 10 адам ғана болды. Қазіргі таңда жұмысшы саны 60-қа жуықтады. Халваның 12 түрін шығарамыз. Алдағы жоспарды айтар болсақ, мекемені үлкейтіп, жұмысшылар қатарын ұлғайтамыз. Жұмысшылардың жалақасы 120 мың теңгеден басталады, айына екі рет айлық төлейміз», – деді мекеме басшысы Нұрлан Аханов.
Жұмаш Жолболды