Қайрат Нұртастың анасы тағы да даудың қақ ортасында. Ол бұл жолы өзінің оқырманымен әлеуметтік желіде жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.
Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасына жүктеген видеосы жұртты ашуландырған. Ол Instagram-дағы 3 миллион оқырманына үйіндегі жиһаздарын көрсетіп, жатын бөлмесіндегі төсегінің сапасымен мақтанады. Продюсердің бұл әрекеті көпшілікке ұнай қоймаған. Оны бала кезден танитын жерлесі болса керек, біреу төмендегідей пікір қалдырыпты.
Ой, тышты-ау от души. Түркістанда қандай болып тұрды екен, ұмытты-ау, — деп жазды оқырмандарының бірі.
Желі қолданушысының бұл сөзі Гүлзира Айдарбекованың қатты намысына тиді. Ол балалық шағының қалай өткенін, қандай үйде тұрғанына дейін елге айтып берді.
«Нашар тұрыпты деп естіп пе едіңіз? Аллаға шүкір, мынау кімнің үйі дегенде көз тоймайтындай үйде өстім. Бау-бақшамыз да 50 сотық, оның ішінде бүкіл жеміс гүлдей құлпырып, ауылдастарым жұмақ дейтін. Сіз шығар тышпақ түгіл сасып отырсыз ғой, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» болып. Жоқ, мен жүрген жерлермен жүріп пе едіңіз? Жасаған еңбегімнің де, тұрған үйлерімнің де сіздікінен әлдеқайда ерекше көркем болмаса кем болдым деп ойламаймын. Оған мені білетіндер куә, ал сыртымнан бал ашып сасытып отырған сенің пейілің ғана қара ниетті болар. Маған сөйлемес бұрын біліміңді түзеші, қарағым. Еркек емес қатынша сайрағанша. Еркектердің керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленгені тәрбиесіздігі болар»,— деп ашуланды Гүлзира Айдарбекова.
Алғашқыда қазіргі үйімен, одан кейін балалық шағы өткен шаңырағымен мақтанған продюсердің қылығы бәрібір халыққа жақпады. Оқырмандары Қайрат Нұртастың анасын сынап тастады.
«Ондай төсек алып мақтана бергенше, жетім-жесірлерге көмек бермейсің бе?», «Не істерін білмей жүрген қатын ғой», «Әй, мақтаншақтар-ай. Унитазда қалай отырасыңдар, соны да көрсетсеңдерші», — деп жазды желідегі жұрт.
Гүлзира Айдарбекованың дәл осылай ел алдында талқыға түсуі бірінші рет емес. Айта кетейік, бұған дейін Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекованың тойда фонограммамен ән салып, ұятқа қалғаны туралы жазды. Сондай-ақ қыз ұзатқан атышулы продюсердің дауысы жұртты шошытқаны жайлы да материал жариялады.