Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды. Жиынды ашқан Партия Төрағасы Ерлан Қошанов деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ең бастысы, Сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді», – деді ол.