Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғыз музыканты Қаңтар оқиғасы кезінде өзін азаптаған жерді көрсетті

0 383

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде қандай азап көргенін айтып, қылмыс жасауға қатысы бар оннан астам полицейлерді танығанын жеткізді. Музыкант бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, полицейлердің арасында әлі де беделді қызмет атқарып отырғандар бар. Викрам Рузахунов Алматы облысында болған екі күн ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен құқық қорғаушылар оның қатысуымен үлкен жұмыс атқарғанын айтты.

«Күнде таңертеңнен кешке дейін тергеушімен бірге белсенді түрде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менен істің мән-жайы бойынша бес сағат бойы жауап алды. Алматы облысының әскери және полиция қызметкерлері 2022 жылдың 7 қаңтары мен 10 қаңтары аралығында болған оқиғалардың хронологиясын жасап, қылмыс болған жерге барды. Қылмыс туралы егжей-тегжейлі айттым», – деп жазды ол.

Викрам Рузахунов қылмыс жасауға қатысы бар деп айыпталған Алматы облысы ІІД қызметкерлерін танығанын жеткізді.

«348 фотоның ішінен оннан астам адамды таныдым. Бұл сапардың қаншалықты қауіпті екенін толық түсінбедік, өйткені мен таныған қызметкерлер осы күнге дейін лауазымды қызметте отыр», – деді музыкант.

Айта кетейік, 9 қаңтар күні қазақстандық телеарна әбден соққыға жығылған азаматты көрсетті. Ол 2 қаңтарда Алматыға билет сатып алғанын және митингілерге қатысқаны үшін Қырғыз Республикасынан 90 мың теңге алуға келгенін айтқан еді.  Бірақ бұл азаматты көпшілік бірден танып, оның қырғыз музыканты Викрам Рузахунов екені анықталды. Осыдан кейін ол Отанына қайтарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.