Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері әлеуметтік көмек алады

0 381

Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады деп хабарлады  turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 қазан –  Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы – 730 млн теңге.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.

Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.