Таяуда қала аумағында кең көлемде сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына облыстық және қалалық мекемелер, кәсіпорындар, жеке бизнес өкілдері мен қала тұрғындары атсалысты.
Сенбілікке 5000-ға жуық адам қатысып, 7 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде шаһар бойынша 76 тонна қоқыс шығарылды.
Шаһар тұрғындарын алдағы уақытта қаламыздың келбетін жақсартуға бағытталған шараларға кеңінен қатысуға шақырамыз!
Лаура Абайқызы