Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастарға жайлы жатақхана қажет

Облыс әкімі құрылыс нысандарының тынысымен танысты

0 81

Шаһар аумағында жыл сайын жүздеген ағаш көшеттері отырғызылады. Дегенмен дұрыс күтім мен уақытылы суару шаралары жүргізілмегендіктен, олардың көбі қурап жатқандығы анықталған.

Осы орайда Нұржан Молдиярұлы қала әкімдігіне, экология департаментіне және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаланы абаттандыру мен көгеріштендіру, жасыл желек отырғызу және оларға күтім жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

– Бұл үлкен еңбекті талап етеді. Мұндай ортақ іске әрқайсысымыз барынша үлес қосуға тиіспіз. Жасыл желекті сапалы отырғызу ғана емес, оларға ұзақ уақыт тұрақты түрде күтім жасау да маңызды, – деді аймақ басшысы.
Бұдан соң облыс әкімі «Тараз» индустриалды аймағының қызметімен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 4 жоба жүзеге асырылуда. Олар: «ТВAlloysKazakh Limited» ЖК (ферросилиций өндірісі бойынша зауыт құрылысы), «Нұр Хим 2021» ЖШС (тігін өндірісі), «Нұр Хим 2021» ЖШС (аралас кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша цех құрылысы), «Асқар-Тау НС» ЖШС (асфальт-бетон қоспасын өндіру, асфальт-бетон қоспасын өндіру, битум эмульсиясы және әртүрлі фракциядағы қиыршық тас).

Келесі кезекте аймақ басшысы «Зербұлақ» демалыс аймағын қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Бас мердігер «South Holiday» ЖШС мұнда бірнеше бөліктен тұратын жаңа жайлы кешен құруды жоспарлауда. Жоба толығымен 2023 жылдың мамыр айында аяқталмақ.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.