Нұр-Сұлтан қаласында іздеуге жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың Қылмыстық кодексітің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды.
Ұстау кезінде күдіктілер травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланған болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.