Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаратауда қоныс той

0 272

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында көпбалалы отбасының арманы орындалды.

9 балалы ананың қонысына ат салысып үлес қосқандар: Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және №31, №32 спорт мектептерінің ұжымы, Абилдаев Копбосын Серикович, Сарсалиев Төребек Тілемісұлы, Байтыкова Луиза Абдысалимовна сынды жергілікті кәсіпкерлер және іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Маратұлы Серимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек, қала әкімі Дархан Баймбетов қатысты. Шарада алғаш сөз алған Қайрат Маратұлы демеушілік көрсеткен қала кәсіпкерлері мен жанашырларына өз алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттарымен марапаттады.

Тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталып, 1 айда толық бітіп, көпбалалы анаға табысталды.

Жөндеуден өткен баспанаға ие болған көп балалы ана осындай қайырымды істің басында жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты. Тіпті қуаныштан көзіне жас алды.

Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.