Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысына Жамбыл облысынан гуманитарлық көмек аттанды

0 209

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы тілсіз жау толығымен ауыздықталғанымен салдары жойылған жоқ. Табиғи апатты қалпына келтіру жұмыстары мен ондағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шаралары «AMANAT» партиясы тарапынан жүзеге асырылды.

Осы орайда, партия облыстық филиалы жанынан құрылған гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне өңірдегі түрлі мекемелер, этно-мәдени бірлестіктер, депутаттар, кәсіпкерлер мен «Тараз» футбол клубтары қостанайлық тұрғындарға қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар және құрылыс материалдарын жинауға үлестерін қосты.

Сондай-ақ, бұл шараға Партияның аудандардағы филиалдары мен облыс орталығындағы түрлі мекемелер бұзылмайтын азық-түлік пен құрылыс материалдары жинауға атсалысты. Сондай-ақ, облыс және қала тұрғындары да игі шарадан қалыс қалған жоқ.

Нәтижесінде, өңірден Қостанай облысына жалпы сомасы 21 миллион теңгені құрайтын 65 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы қайырымдылық шаралары арқылы 7 миллион 500 мың теңгеге 20 тонна азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмек пен жылы киім-кешек жіберді. Бұдан өзге 5 тонна 1-сұрыпты ұн, 2 тонна макарон өнімдері, 2,5 тонна картоп, 2,5 тонна сәбіз, 2,5 тонна пияз, 10 тонна қант, 10 тонна гипс, 10 тонна цемент зардап шеккен қостанайлық тұрғындарға көмек көрсету үшін жиналды.
Халқымызда «қол жұмылмай жылынбайды» деген аталы сөз текке айтылмаса керекті. Сондықтан жамбылдықтар аз күннің ішінде жұдырық болып жұмылып, бірліктің үлгісін көрсетті.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы қайырымдылық шарасына атсалысқан барша жамбылдықтарға алғысын білдіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.