Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Шымкент — Түркістан тасжолында жүк көлігі жанып кетті

0 249

Шымкент-Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған. Нәтижесінде көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.

«ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», — делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.